700 Бірыңғай колл-орталық (сату бөлімі)
8 800 070 09 09 Sensata Service
Құрылыс барысы Sensata Group
ЖК NYGMET

NYGMET

Құрылыс барысы

Қазан 2026

Қыркүйек 2026

Тамыз 2026

Шілде 2026

Маусым 2026

Мамыр 2026

Тұрғын үй кешені

NYGMET

Алматы қ., Нұрмақов көш., Гоголь көш. солтүстігінде
Құрылыстың аяқталуы

Пайдалануға беру мерзімі -

2027 жылдың IV тоқсаны

Жалпы ақпарат

Класс ЖК

Бизнес

Пәтерлер ауданы

46 - 134 м2

Қабаттылығы

9-12

Төбелердің биіктігі

3 метра

Паркинг

есть

Жоба туралы

NYGMET — өмір сапасының жоғары деңгейін және қоршаған ортаны саналы түрде таңдауды бағалайтын жандарға арналған жаңа тұрғын кешен. Жоба құрамына жеке жабық ауласы бар төрт тұрғын үй және өмір сүру, бизнес жүргізу мен спорттық инфрақұрылымды тоғыстыратын жеке апартаменттер блогы кіреді.

Бұл сәулеттік шешім қызметтердің нақты жіктелуін айқындап, жеке кеңістік пен қаланың қарқынды тіршілігі арасындағы тепе-теңдікті сақтайды. NYGMET кешенінде қажеттің бәрі жаяу жететін жерде орналасқан. Мұнда үйді белсенді ортамен араластырмай, сонымен бірге оған тікелей қолжетімділікті сақтай отырып, өз ырғағыңызды еркін қалыптастыруға болады.

Ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған өмір

NYGMET-тегі 9 және 12 қабатты үйлердің мұқият ойластырылған орналасуы демалысқа, спортқа және балаларыңыздың ойындарына арналған бөгде адамдардан оқшауланған жайлы кеңістік қалыптастырады.

Сіздің жайлылығыңыз үшін жерасты паркингі, тұрғын үй кешенінің аумағына ыңғайлы кіреберістер және Нұрмақов, Гоголь мен Әуезов көшелеріне тікелей шығу жолдары қарастырылған.

Концептуалды сәулет

NYGMET заманауи құрылыс технологияларына және сапаның жоғары стандарттарына сай тұрғызылып жатыр. Жобаның негізінде – ыңғайлылық пен әсемдікті үйлестіретін эргономика философиясы мен сәулет шешімдері жатыр.

Сәулетшілер ғимараттардың пропорциясынан бастап, кеңістікті ұйымдастыруға дейін әрбір бөлшегіне мән берген. Қасбеттердің ырғақты көрінісі, таңдаулы материалдар, бекзат реңктер мен архитектуралық жарықтандыру – бүгінге де, келер он жылдықтарға да жарасымды бейне қалыптастырады.

Өмірге арналған кеңістік

NYGMET-тегі әрбір пәтер – сіздің ең жақсы өміріңіз үшін ойластырылған кеңістік. Әр жоспарлау шешімі жеке тәсілмен әзірленіп, сіздің қалауыңыз бен басымдықтарыңызға сай ойластырылған. Бұл жай ғана шаршы метрлер емес, ішкі өмір ырғағыңызға толық сай келетін үй.

  • Сапалы, бұзуға төзімділігі жоғары кіреберіс есіктер
  • Электронды құлыптар
  • Үлкейтілген энергия үнемдейтін терезелер
  • Пәтерлердің жақсартылған бастапқы әрлеуі

2 минут ішінде барлық маңызды тұстарды
түсіндіріп береміз

Локация

NYGMET Алматының жаңа тартымды орталықтарының бірі – Нұрмақов көшесінде, Гоголь көшесінің солтүстігінде, даму әлеуеті жоғары ауданда орналасқан. Бүгінде қаланың бұл бөлігі өндірістік аймақтан байсалды қалалық кеңістікке сенімді түрде бет бұрып, өз келбетін жаңартуда.

Мұнда күнделікті ұсақ-түйекке мән берілген, инфрақұрылымы дамыған, кеңістік пен уақытты логикалық ұйымдастыруға негізделген жаңа буынға арналған қалалық орта қалыптасып келеді. Болашақта бұл аудан жайлылық, эстетика және функционалдылық табиғи үйлесім тапқан мегаполистік өмірдің жаңа стандарттарын айқындайды.