Sensata Service
Компания туралы
Sensata Service – әйгілі Sensata Group құрылыс корпорациясының бір бөлігі болып табылатын заманауи және инновациялық басқарушы компания. Біз соңғы технологиялық жетістіктерді, басқарудың озық әдістерін және кемелдікке ұмтылысты біріктіре отырып, тұрғын үй кешендерін басқару және қызмет көрсету саласында жаңа тарау ашамыз. Біздің миссиямыз – әрбір тұрғынға жайлы, қауіпсіз әрі ыңғайлы орта құру.
Мақсаттар мен міндеттер
Sensata Service-тің басты мақсаты – тұрғын үй кешендерін басқару саласында жоғары деңгейде қызмет көрсету. Біздің міндетіміз – басқарылатын ғимараттардағы тәртіпті, тазалықты және қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ тұрғындар тарапынан туындайтын кез келген сұрақтар мен мәселелерді жедел шешу. Біз әр тұрғынымызға қамқорлық көрсетіп, қажеттіліктеріне назар аударып, өмірі мен демалысына мінсіз жағдай жасауға тырысамыз.
Үйлерді басқару
Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Sensata Service компаниясы Sensata City 1, Sensata City 2, Sensata City 3 және Everest 1 сияқты тұрғын үй кешендерін басқарады. Астанада Central Park, Sensata Park, S-Club, Aria, Gloria, Көк Жайлау, Miranda, Soul Park, Balausa, Центральный Сквер, Sunset Аvenue, Hayat, Sensata Plaza тұғын үй кешендеріне қызмет көрсетеді. Осының барлығы жалпы ауданы шамамен 600 000 м2 болатын пәтерлер мен коммерциялық орынжайларды құрайды. Оған қоса, жақын болашақта біздің портфеліміз қазіргі уақытта Sensata Group компаниясымен құрылысы салынып жатқан жаңа нысандардың есебінен айтарлықтай кеңейетін болады. Біз өз клиенттерімізге одан да сапалы қызмет көрсетуге ұмтыла отырып, үнемі дамып, кеңейіп келеміз.
Байланыс ақпараты
Call-center Almaty: +7 800 070 0505
Call-center Astana: +7 800 070 0909