700 Бірыңғай колл-орталық (сату бөлімі)
8 800 070 09 09 Sensata Service
Құрылыс барысы Sensata Group
ЖК MEIIRIM

MEIIRIM

Құрылыс барысы

Қазан 2026

Тұрғын үй кешені

MEIIRIM

Алматы қ., Әуезов ауданы, Шаляпин көш. бойында, Момышұлы көш. батыс жағында, Садуақасов және Рабат көш. аралығында орналасқан
Құрылыстың аяқталуы

Жалпы ақпарат

Класс ЖК

Комфорт

Пәтерлер ауданы

47 - 126 м2

Қабаттылығы

9

Төбелердің биіктігі

3 метра

Паркинг

есть

Жоба туралы

MEIIRIM - БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН ҮЗДІК ТАҢДАУ

MEIIRIM тұрғын үй кешенінде бәрі басты құндылық - тұрғындардың жайлылығы үшін ұйымдастырылған. Алты тұрғын үй блогы мен коммерциялық нысандарға арналған жеке блок, жабық аумақ, алғашқы қабаттардағы дүкендер мен қызмет көрсету орындары өмір сүруге арналған үйлесімді әрі қолайлы кеңістік қалыптастырады.

  • 9 балдық сейсмотөзімділік
  • 6 тұрғын үй блогы
  • 9 қабат
  • 1-4 бөлмелі пәтерлер
  • пәтер ауданы 47 ш.м. ден - 126 ш.м. дейін

ӨМІР ҮШІН ЖАН-ЖАҚТЫ ОЙЛАСТЫРЫЛҒАН КЕҢІСТІК

  • Жабық аумақ
  • Face/Chip ID
  • 24/7 бейнебақылау
  • Жерасты паркингі
  • Қойма бөлмелері

ҚАЙТА ОРАЛҒЫҢ КЕЛЕТІН АУЛА

MEIIRIM тұрғын үй кешенінің аула кеңістігі демалысқа, қарым-қатынасқа және белсенді өмір салтына арналған.

  • Авторлық ландшафттық дизайн
  • Серуендеу аллеялары
  • Көліксіз аула
  • Ойын алаңдары
  • Тартан жабыны
  • Футбол алаңы
  • Workout - алаңдары
  • Велотұрақтар

УАҚЫТ СЫНЫНА ТӨТЕП БЕРЕТІН ЭСТЕТИКА

MEIIRIM тұрғын үй кешенінің сәулеті заманауи әрі ұстамды стильде жобаланған. Мұнда эстетика, функционалдылық және шешімдердің ұзақ мерзімділігі үйлесімді тоғысқан.

MEIIRIM кешенінің айшықты сәулеттік келбеті өзектілігін жылдар бойы сақтайды.

  • Қаңқасы — монолиті темірбетон
  • Желдетілетін қасбет
  • Кондиционерлерге арналған сәнді себеттер
  • Жасанды таспен әрленген
  • Лоджиялар мен балкондар
  • Қасбеттердің сәулеттін жарықтандырылуы

ӘРБІР БӨЛШЕКТЕГІ ЖАЙЛЫЛЫҚ

  • MEIIRIM тұрғын үй кешенінің заманауи холлдары, сапалы әрлеу материалдары және әрбір бөлшекке деген ұқыпты көзқарас үй туралы жағымды алғашқы әсер қалыптастырады. Мұнда табалдырықтан аттаған сәттен бастап жайлылық пен қамқорлықтың атмосферасы сезіледі.
  • MEIIRIM тұрғын үй кешенінің заманауи жоспарлау шешімдері кеңдік, жарық пен жайлылық сезімін сыйлау үшін жан-жақты ойластырылған. Мұнда сіз өз өмір ырғағыңызға, әдеттеріңізге және жайлы үй туралы көзқарасыңызға сай интерьер жасау оңай.

КОММЕРЦИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕР

MEIIRIM бизнес үшін жоғары табыстылыққа, тұрақты клиенттер ағынына және даму әлеуетіне ие коммерциялық үй-жайларды ұсынады.

Коммерциялық кеңістіктер тұрғын үй кешенінің алғашқы қабаттарында, сондай-ақ жеке екі қабатты коммерциялық блокта орналасқан. Мұндай формат бутиктер мен кофеханалардан бастап кеңселерге, білім беру орталықтарына және wellness-жобаларға дейін әртүрлі бизнес бағыттарын дамытуға кең мүмкіндік береді.

2 минут ішінде барлық маңызды тұстарды
түсіндіріп береміз

Локация

ҚАЛАНЫҢ ЫҢҒАЙЛЫ ЫРҒАҒЫНДА

MEIIRIM тұрғын үй кешені Алматы қаласының батыс бөлігінде, Шаляпин к-сі бойында, Момышұлы к-сінен батысқа қарай, Садвақасов және Рабат к-рінің аралығында орналасқан. Кешен дамыған инфрақұрылымы бар қалыптасқан қалалық ауданда орналасып, жайлы әрі қолайлы өмір сүруге барлық мүмкіндік жасайды

ӨМІРГЕ ҚАЖЕТТІНІҢ БӘРІ – ЖАНЫҢЫЗДА

MEIIRIM тұрғын үй кешенінің айналасындағы орта жайлы әрі тыныш қалалық өмірдің атмосферасын қалыптастырады. Мұнда күнделікті қажетті инфрақұрылым, үйреншікті бағыттар және қаламен байланысын үзбей, өмірдің әр сәтінен ләззат алуға мүмкіндік беретін кеңістік бар.

ӨЗІҢІЗГЕ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА АРНАЛҒАН УАҚЫТ

Күнделікті сауда, отбасылық демалыс және достармен кездесулер - мұның бәрі MEIIRIM тұрғын үй кешенінің маңында орналасқан. Үйден бірнеше минуттық жерде сауда-ойын-сауық орталығы бар, ал супермаркеттер мен базарлардың жақын орналасуы тұрмыстық мәселелерді оңай шешуге мүмкіндік береді. Соның арқасында жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізе аласыз.

БОЛАШАҚ ҮШІН ЖАСАЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР

MEIIRIM тұрғын үй кешенінің маңында мектептер, балабақшалар және білім беру орталықтары орналасқан. Бұл балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды. Оқу орындарының жақын болуы уақытты үнемдеуге мүмкіндік беріп, бүкіл отбасының күнделікті өмірін анағұрлым жайлы әрі тыныш етеді.

Холлы

ЖК MEIIRIM