700 Бірыңғай колл-орталық (сату бөлімі)
8 800 070 09 09 Sensata Service
Ход строительства
Тұрғын үй кешені

CENTRAL PARK

Астана қ., Туран 3 даңғылы
Жалпы ақпарат

Класс ЖК

Премиум

Пәтерлер ауданы

63 - 220 кв.м.

Қабаттылығы

5 - 14

Кезектер саны

4

Төбелердің биіктігі

3 метра

Паркинг

бар

Жоба туралы

Central Park тұрғын үй кешені – премиум-класс санатындағы клубтық үй. Ол елорданың беделді ауданының орталығында орналасқан, бұл қаланың кез келген нүктесіне ыңғайлы әрі жылдам жетуге мүмкіндік береді. Орталық саябақ пен Есіл өзенінің жағалауының жаяу қашықтықта орналасуы отбасыңызбен есте қаларлықтай демалыс өткізуге мүмкіндік береді.

Серуендеу мен демалыс үшін тұрғын үй кешенінің абаттандырылған ішкі аумағы да тамаша орын болып табылады. Мұнда кешенді қызмет көрсету және қауіпсіздік жүйесі қарастырылған. Тұрғындар өздерінің әрдайым қауіпсіздік бақылауында екеніне сенімді бола алады. Балалар алаңдары мен жаяу жүргіншілерге арналған аллеялар жайлы демалыс үшін қажетті барлық жағдаймен жабдықталған.

Көліксіз аула балалардың қауіпсіз ойнауын, сондай-ақ кешен тұрғындары үшін тыныштық пен жайлылықты қамтамасыз етеді.

Ғимараттың талғампаз авторлық сәулеті бірден назар аудартады. Архитектуралық шешімдерде эргономика мен заманауи дизайнның барлық талаптары ескерілген. Ғимараттардың қасбеттерін сыртқы әрлеуде жылу және дыбыс оқшаулау көрсеткіштері жоғары HPL-панельдер қолданылады. Мұндай панельдердің қызмет ету мерзімі 50 жылға дейін жетеді. Желдетілетін қасбет жүйесі ғимараттың «тыныстауына» мүмкіндік беріп, ішкі кеңістікте жайлы микроклиматты сақтайды.

Аумағы 63-тен 220 шаршы метрге дейінгі кең пәтерлер еркін жоспарлау мүмкіндігі арқылы тұрғындарға өз талғамы мен дизайнерлік қиялын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал биіктігі 3 метр болатын төбелер кеңістікке ерекше сән-салтанат пен жеңілдік береді.

Әр қабатта небәрі 2–3 пәтерден, ал әр кіреберісте 12 пәтерден орналасқан. Алғашқы секундтардан-ақ ерекше әсер қалдыратын холлдардың сәнді безендірілуі кешеннің премиум-сегментке жататынын айқын көрсетеді. Интерьерді әрлеуде жоғары сапасымен танымал материалдар – травертин, латунь және керамогранит қолданылған.

Үйдің терезелерінен саябақ пен Есіл өзенінің жағалауына керемет панорамалық көрініс ашылады. Жақын орналасқан саябақ аумағында велосипед және жүгіру жолдары, жағажай, фитнес-клуб және бос уақытты тиімді өткізуге арналған басқа да орындар бар.

2 минут ішінде барлық маңызды тұстарды
түсіндіріп береміз

Локация

 

 

Панорама

Посмотрите вид из ваших окон
Смотреть