700 Бірыңғай колл-орталық (сату бөлімі)
8 800 070 09 09 Sensata Service
ЖК ALMAJAN

ALMAJAN

Тұрғын үй кешені

ALMAJAN

Алматы қ., Жетісу ауданы, Тәтібеков көшесі
Жалпы ақпарат

Класс ЖК

Комфорт

Пәтерлер ауданы

38,37 – 92,96 м2

Қабаттылығы

16, 21

Төбелердің биіктігі

3 метра

Паркинг

есть

Жоба туралы

ALMAJAN - Алматының өзіндік келбеті мен дәстүрлерін ескере отырып жобаланған жаңа заманауи тұрғын үй кешені. Жоба тұрғын үйлерді, аумағында алма ағаштары өсетін жайлы әрі жабық ауланы және күнделікті өмірге қолайлылық сыйлайтын коммерциялық кеңістіктерді біріктіреді.

Жайлы аулада өсетін алма ағаштары жобаның басты ерекшеліктерінің біріне айналып, Алматының табиғи нышанын еске салады. Алматыға тән бұл көрініс мұнда жаңаша сипат алып, тұрғындардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналады.

ALMAJAN - Алматы дәстүрлері сіздің өмір тарихыңызбен тоғысатын мекен.

 

Жайлы өмір үшін жан-жақты ойластырылған кеңістік

ALMAJAN жобасында биіктігі 16 және 21 қабат болатын жеті тұрғын үй ортақ абаттандырылған аумақта біріктірілген. Жасыл аймақтар, балалар және спорт алаңдары, демалыс орындары күнделікті өмірге жайлы орта қалыптастырады.

Жобаның жалпы аумағы - 2,8 га. Автокөліктер үшін жерасты автотұрағы қарастырылған.

 

Өзіндік қолтаңбасы бар сәулет

ALMAJAN сәулеті айқын тік сызықтар ырғағымен, нақты геометриялық пішіндермен және заманауи сәулеттік шешімдермен ерекшеленеді. Ғимараттардың әртүрлі қабаттылығы тұрғын үй кешенінің келбетіне ерекше серпін береді, ал үлкен терезелер қасбеттерге көрнекі жеңілдік сыйлап, пәтерлерге табиғи жарықтың мол түсуін қамтамасыз етеді.

  • Монолитті темірбетон қаңқа
  • Аспалы желдетілетін қасбет
  • Энергия үнемдейтін әйнектеу
  • Қасбеттерді сәулеттік жарықтандыру

 

Жасыл Алматының дәстүрін жалғастыра отырып

ALMAJAN аумағын абаттандыруда Алматының табиғи ерекшеліктері ескерілген. Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі - жайлы аулада алма ағаштары отырғызылатын, мұқият ойластырылған көгалдандыру жүйесі. Жасыл аймақтар, демалыс орындары, балаларға арналған ойын кешендері мен спорт алаңдары аулада жай серуендеуден бастап белсенді демалысқа дейін әртүрлі уақыт өткізуге қолайлы орта қалыптастырады.

 

Қауіпсіздік пен жайлылық

Автокөліксіз жабық аула, бейнебақылау жүйесі, Face ID арқылы кіру мүмкіндігі және электрондық құлыптар тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жеке кеңістігі сақталған жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. Тұрғындардың автокөліктері үшін жерасты автотұрағы, ал қонақтар үшін жерүсті автотұрағы қарастырылған. Әр тұрғын үйде шусыз жүретін жоғары жылдамдықты лифтілер орнатылады, ал заттарды сақтауға арналған қойма бөлмелері қарастырылған.

 

Пәтерлер

ALMAJAN тұрғын үй кешенінде ықшам пәтерлерден бастап, отбасыларға арналған кең жоспарлау шешімдеріне дейінгі түрлі нұсқалар ұсынылған. Биіктігі 3 метрлік төбелер кеңдік пен еркіндік сезімін сыйласа, үлкейтілген терезелер пәтерлерге табиғи жарықтың мол түсуін қамтамасыз етеді.

  • 1–4 бөлмелі пәтерлер
  • 38,37 – 92,96 м² - пәтерлердің ауданы
  • 3 м - төбе биіктігі
  • Үлкейтілген терезелер
  • Жақсартылған бастапқы әрлеу

2 минут ішінде барлық маңызды тұстарды
түсіндіріп береміз

Локация

ALMAJAN тұрғын үй кешені Алматы қаласының Жетісу ауданында, Кіші Алматы өзеніне жақын, Тәтібеков көшесінде орналасқан.

Ауданның қалыптасқан инфрақұрылымы күнделікті қажеттіліктерді үйден алысқа бармай-ақ өтеуге мүмкіндік береді. Ал Шығыс айналма автомобиль жолына (ШААЖ), Тұрар Рысқұлов және Сүйінбай даңғылдарына жақын орналасуы қаланың өзге бөліктеріне қатынауды жеңілдетеді.

Жақын маңнан өтетін қоғамдық көлік бағыттары ALMAJAN тұрғын үй кешенін Алматы қаласының орталығымен, «Райымбек батыр» метро станциясымен, Алматы-2 теміржол вокзалымен және қаланың өзге де бөліктерімен байланыстырады.