Сеул қаласында Hotel Lotte Co. Ltd және Sensata Invest компаниялары Алматы мен Алатау қалаларында Lotte отелін салу бойынша өзара түсіністік туралы меморандум алмасты.
Құжаттар Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Lotte Group төрағасы Дон Бин Шин арасындағы кездесу соңыңда табысталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қонақ үй бизнесін дамыту мәселесі қарастырылды. Мемлекет басшысы Алматыда Lotte брендімен салынатын алғашқы қонақ үй құрылысына қатысты келісімді құптап, компанияның Қазақстандағы қызмет аясын кеңейту тұрғысынан бұл бастаманың келешегі зор екенін айтты.
Өз кезегінде Lotte Group төрағасы Дон Бин Шин Қазақстанға инвестиция құю жоспарын, оның ішінде қонақ үй бизнесі салалары барын растады. Сонымен қатар ол Alatau City жобасын дамытуға атсалысуға ниетті екенін жеткізді.
Кездесу соңында Hotel Lottе Co. Ltd және Sensata Invest компаниялары Алматы мен Алатау қалаларында Lotte отелдерін салу бойынша өзара түсіністік туралы меморандум алмасты.

Sensata Invest үшін қол жеткізілген келісімдер Оңтүстік Кореяның қонақүй бизнесі саласындағы ең ірі брендтердің бірімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және Қазақстанда жаңа нысандарды дамытуға мүмкіндік береді.
Бренд қонақүйлері корей қонақжайлылығы дәстүріне негізделген премиум сервисімен танымал. Кешендердің инфрақұрылымына SPA орталықтары, жоғары деңгейлі мейрамханалар және заманауи бизнес-кеңістіктер кіреді. Қонақ үй желісі Оңтүстік Корея, АҚШ, Вьетнам, Жапония, Өзбекстан, Мьянма және бірқатар басқа елдерде ұсынылған.