+7 778 979 30 30 Астана қ. сату бөлімі
+7 700 579 30 30 Алматы қ. сату бөлімі
+7 800 070 09 09 Sensata Service
Sensata Group өз облигацияларын іске қосты: енді компанияға инвестиция жасауға болады

Компания 100 млрд теңге көлемінде облигациялық бағдарлама тіркеп, оның аясында алғашқы транш ретінде 10,01 млрд теңге сомасында облигация шығарды.

            «Бұл – біз үшін қаржылық моделіміздің тұрақтылығы мен процестердің ашықтығын дәлелдейтін логикалық әрі маңызды қадам. Ашық құралдар арқылы даму Sensata Group компаниясының инвестициялық тартымдылығын арттырып, ұзақ мерзімді серіктестермен жұмыс аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Облигациялар нарығына шығу – инвесторлардың жоғары сенімін және компанияның корпоративтік басқарудағы жоғары біліктілігін көрсетеді», – деді Sensata Group компаниясының өкілдері.

Мәміленің қаржылық кеңесшісі ретінде AIFC Green Finance Centre Ltd қызмет көрседі. Өз кезегінде, орналастыру процесін «Teniz Capital Investment Banking» АҚ инвестбанкі іске асырып, Sensata Group компаниясының нарыққа шығу барысындағы барлық кезеңдерінде сараптамалық қолдау көрсетті. Облигацияларды орналастыру – қаржыландыру көздерін әртараптандыруға, қазіргі жобаларды қолдауға және тұрғын үй мен коммерциялық нысандарды салуда жаңа бағыттарды іске асыруға бағытталған. Түскен қаражат жобалық портфельді дамытуға және өндірістік қуаттылықты арттыруға жұмсалады, оның ішінде 2024 жылы іске қосылған Uniton автоклавты газобетон зауыты да бар. 

 «Облигацияларды орналастыру капитал нарығын күшейтеді және инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Компанияның тұрақтылығын және оның жүзеге асырып жатқан жобаларының сапасын ескере отырып, облигацияларға жоғары сұраныс болады деп күтеміз. Бөлшек инвесторлар үшін бағалы қағаздар Tabys Pro мобильді қосымшасында қолжетімді», – деді «Teniz Capital Investment Banking» АҚ басқарма төрағасы Анзор Боташев.

 

Sensata Group компаниясы туралы анықтама

Sensata Group – 2012 жылы құрылған қазақстандық девелоперлік компания. Он жылдан астам уақыт ішінде компания 40-тан астам тұрғын үй кешенін және коммерциялық жобаларды жүзеге асырып, 1,9 млн шаршы метрден астам жылжымайтын мүлікті пайдалануға берді және 8 000-нан астам пәтерді клиенттерге тапсырды.

Sensata Group портфеліне комфорт және бизнес санатындағы тұрғын үй кешендері, коммерциялық орталықтар және Германиядағы халықаралық жобалар кіреді. Қазақстандағы маңызды нысандардың қатарында – Central Park, Dara Residence, WTowers, Olympic Park, Mangilik, Dostyq 300, Sensata Plaza және басқалары бар.

2024 жылы компания автоклавты газобетон өндіретін өз кәсіпорнын – жылына 170 000 шаршы метрге дейін қуаты бар Uniton зауытын іске қосты. Бұл құрылыс тиімділігін және сапа бақылауын арттырды.

Sensata Group сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар жобалардың бас мердігері болды, оның ішінде СВМДА штаб-пәтерінің ғимараты бар. 2025 жылы компания «Qazaqstan Builders Awards» таңдауы бойынша «Қазақстанның үздік девелопері» деп танылды.

 

Sensata Group PR-бөлімі: +7 701 748 2222 (WhatsApp)

Әлеуметтік желілерде бөлісу