29.05.2021 Ж. СENTRAL PARK ТК-ДЕ «КӨК АУЛА» ІС-ШАРАСЫ

Сенбі күні таңертеңгі уақыт Central Park ТК тұрғындары үшін өте қайырымды болды:)

Аумақты көгалдандыру бойынша бірлескен жұмыс қызу жүріп жатты 🌳. Тұрғындар Sensata Service🦸‍ басқарушы компаниясымен бірлесіп ауланы абаттандыруға қуана қатысты️️. «Көк аула» іс-шарасы барысында 100 жас бұта отырғызылды 🍃🍀. Қатысуға ниет білдірген әр адам қажетті жабдық алды: ағаш егетін күрек, қолғап, шелектер мен көшеттер.

🙂 Тұрғындар белсенділік танытып, бұл идеяны ынта-жігермен қолдағаны бізді қуантты 💚.

Әлеуметтік желілерде бөлісу