Қазақстанда SANALY жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылады
Sensata Group қаржы саласындағы жаңа бағыты – Sensata Finance
Жеке баспанаға ие болу – адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Сондықтан тұрғын үй сатып алу үдерісі қолжетімді ғана емес, сонымен қатар түсінікті, ашық әрі қолайлы болуы тиіс.
Бүгін Sensata Group компаниясы өзінің дамуындағы тағы бір маңызды кезеңге қадам басып, жеке микроқаржы ұйымы – Sensata Finance-ті таныстырады. Бұл жаңа бағыт Sensata Group тұрғын үй кешендерінен баспана алуды жеңілдететін заманауи қаржылық мүмкіндіктерді дамытуға арналған. Соның нәтижесінде клиенттер тұрғын үйді анағұрлым икемді, ашық әрі тиімді шарттармен сатып ала алады.
Sensata Finance-тің алғашқы өнімі – SANALY ипотекалық бағдарламасы. Бұл – Sensata Group тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға арналған, компания әзірлеген қаржылық өнім. Бағдарлама 5 жылға дейінгі мерзімге ұсынылады және тұрғын үйді сатып алу кезінде ашықтықты, ыңғайлылықты әрі сенімділікті бағалайтын жандарға арналған.
Бұл – жай ғана жаңа ипотекалық бағдарлама емес. Бұл – тұрғын үй сатып алуға деген жаңа көзқарас. SANALY арқылы клиент мәміле талаптарымен алдын ала танысып, төлем кестесін нақты көріп, өміріндегі ең маңызды қаржылық шешімдердің бірін ертеңгі күніне сеніммен қабылдай алады.
Бағдарлама өз уақытын бағалайтын, баспананы ұзақ күтпей рәсімдеуді қалайтын әрі қаржыландырудың түсінікті әрі сенімді тетігін тікелей құрылыс компаниясынан алуды жөн көретін жандар үшін әзірленді.
SANALY атауы Sensata Group философиясының табиғи жалғасы болды. «Sensata» сөзі испан тілінен аударғанда «саналы» деген мағынаны білдіреді. Ал SANALY – осы идеяның қазақ тіліндегі көрінісі. Сондықтан жаңа бағдарламаның атауы саналы таңдау мен жауапты қаржылық шешім қабылдау қағидатын айқындайды.
Жаңа бағдарламаның негізіне де дәл осы қағида алынды. Себебі пәтер сатып алу – жай ғана мәміле емес. Бұл – өмірдің жаңа кезеңінің бастауы, отбасының болашағына салынған инвестиция және ертеңгі күнге деген сенім. Сондықтан SANALY тұрғын үйге бастар жолды барынша түсінікті, ашық әрі жайлы ету үшін әзірленді.
Sensata Finance-тің іске қосылуы – Sensata Group компаниясының дамуындағы жаңа белес әрі жеке қаржылық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Бұл жүйе тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін бұрынғыдан да қолжетімді етіп, әрбір клиентке өз мақсатына жетуге арналған заманауи әрі ыңғайлы қаржылық құралдарды ұсынады.
SANALY ипотекалық бағдарламасының барлық шарттары, қарыз алушыларға қойылатын талаптар, рәсімдеу тәртібі және қаржыландыру талаптары 24 шілде күні ресми түрде таныстырылады. Толық ақпарат сол күні Sensata Group компаниясының ресми сайтында жарияланады.
SANALY – өз үйіңізге бастар саналы жол.